жұма, 4 қыркүйек, 2026 11:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордада Enrique Iglesias-тің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

Елордада  Enrique Iglesias-тің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты
Астана әкімдігі
Жастар концерттен кейін қоқыс жинап, тазалықты сақтауға әрі адамның үлес қоса алатынын көрсетті.

Елордадағы «Астана Арена» стадионында Enrique Iglesias-тің концерті өтті. Іс-шарадан кейін жас көрермендер стадион аумағында қалып, іс-шарадан кейінгі қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Олар концерттен кейін қоқыс жинап, ірі мәдени іс-шаралар кезінде тазалықты сақтауға әр адамның үлес қоса алатынын көрсетті.

«Концерт бізге ерекше әсер сыйлады. Іс-шара аяқталған соң тазалық жұмысына қосылып, стадион аумағын ретке келтіруге көмектесуді жөн көрдік. Бұл көп уақытты қажет етпейді. Бірақ осылайша, әрқайсымыз қаламызға, қоршаған ортаға және еңбек етіп жүрген жандарға деген құрметімізді көрсете аламыз», – деді көрерменнің бірі.

Мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қаланың тазалығы әр адамнан басталатынын еске салады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар