Арқан тартыстан тағы бір алтын жүлде жеңіп алды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды.
Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұл – құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді
- авторОймақ
- 2 қыркүйек, 2026






