бейсенбі, 3 қыркүйек, 2026 9:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлдана Мырзуан ісі: сотта қасбеттің құлаған сәті көрсетілді

Ұлдана Мырзуан ісі: сотта қасбеттің құлаған сәті көрсетілді
stan.kz
Бұдан кейінгі оқиғалар бейнежазбада сот барысында көрсетілмеген.

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Отырыста тұрғын үй қасбетінің құлаған сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді. Кадрлар ғимараттың сыртындағы бейнебақылау камерасына жазылған.

Бейнежазбадан қасбеттің бір бөлігі кенет опырылып, айналаны қою шаң басқанын көруге болады. Шаң сейілгеннен кейін ағаштар мен темір қоршау маңында құлаған қаптаманың бөліктері байқалады.

Қасбеттің бір бөлігі жол жиегінде тұрған көліктің үстіне құлаған.

Біраз уақыттан соң оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келген. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі мен полиция қызметкерлері жетіп, аумақты қоршауға алған.

Бұдан кейінгі оқиғалар бейнежазбада сот барысында көрсетілмеген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар