сәрсенбі, 2 қыркүйек, 2026 13:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүріп, жаңбыр жауады

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүріп, жаңбыр жауады
istockphoto
Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

«Қазгидромет» 2 қыркүйекке Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстардың болжамын жариялады, деп хабарлайдыOimaqnews.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, түнде Қостанай облысының шығысында ауа температурасы −1°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысында топырақ бетінде −1...−3°С үсік күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды.

Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр.

Ал антициклон ықпалына байланысты еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарда түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз желдің екпіні секундына 30 метрден асып, өте қатты жел соғуы ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жоғары өрт қаупі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Қарағанды және Жетісу облыстарының жекелеген аумақтарында болжанады.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай, Алматы және Жетісу облыстарының кей бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар