«Таза Қазақстан»: астаналық оқушылар экологиялық бастамаларды талқылады
- авторОймақ
- Бүгін, 16:02
- 61
Белсенді жастардың «Таза Қазақстан» бағдарламасын дамыту мен жүзеге асыруға қосатын үлесі» тақырыбында өткен іс-шарада экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және күнделікті өмірге экологиялық дағдыларды енгізу мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар жастардың бастамалары мен волонтерлік қозғалыстың елорданы абаттандыру және көгалдандыру ісіндегі маңызына да тоқталды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

«Биылғы оқу жылы ерекше басталып отыр. Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында алдымызға үлкен мақсаттар қойды. Сол міндеттерге жету бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, балаларға тәрбие берудеміз.
Экологиялық тақырып біздің мектеп үшін өте өзекті.
Оқушыларымыз қалдықтарды сұрыптау бойынша қалалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Мектебімізде арнайы экологиялық жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Зеленоград» жобасы. Оның аясында балалар бақша өнімдерін өздері өсіріп, олардың даму барысын зерттейді.
Сонымен қатар, оқушылар сенбіліктерге қатысып, мектеп ауласын тазалайды, айналадағы ағаштарды отырғызып, күтіп-баптайды. Мұның барлығы жас ұрпақты экологиялық мәдениет пен тазалыққа тәрбиелейді деп ойлаймын. Біз «Таза Қазақстан» бастамасын толық қолдаймыз», – деді мектеп директоры Оразкүл Жолдасбекова.
Кездесуге «Жер елшілері» жастар экологиялық қозғалысының көшбасшысы Нұрдәулет Мұхтарбек те қатысты. Ол оқушыларға «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсат-міндеттері туралы айтып берді.
«Бүгін №92 мектеп-лицейінің 10 «Ә» сынып оқушыларымен кездесіп, «Таза Қазақстан» жобасы туралы кеңінен ақпарат бердік. Бұл бастама тек сенбіліктер өткізумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – адам бойында таза сана мен экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Сондай-ақ оқушыларға экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жүрген жастарға көрсетілетін қолдау туралы айттық. Кездесу барысында интерактив ұйымдастырып, «Таза Қазақстан» акциясына қатысты сұрақтар қойдық. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.
Менің ойымша, осындай кездесулерді жиі өткізу қажет. Себебі жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру – маңызды міндет. Бүгінгі кездесу оқушыларға қоршаған ортаны қорғау туралы ой салып, пайдалы әсер қалдырды деп сенемін», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, кездесудің басты мақсаты оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға ықпал ету болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ұзынағашта қыздың денесі табылды: туыстары суицид жасағанына сенбейді
- авторОймақ
- 30 тамыз, 2026





