сейсенбі, 1 қыркүйек, 2026 10:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстанда ШЫҰ саммиті басталды

Қырғызстанда ШЫҰ саммиті басталды
Фото: Ақорда
Бішкек қаласындағы «Ырыс Ордо» конгресс-холында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталды.

Жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин қатысып жатыр.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров саммитке келген мемлекет басшыларын жеке қарсы алды.

Ресми қарсы алу рәсімі мен дәстүрлі бірлескен фотосессиядан кейін делегация жетекшілері жиын өтетін залға жиналды. Саммит барысында ШЫҰ аясындағы өзекті мәселелер, ұйымның алдағы жұмысы және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар