Саясат

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін құттықтады

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.