дүйсенбі, 31 тамыз, 2026 17:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Orda.kz жобасы жабылды

Orda.kz жобасы жабылды
Orda.kz
ORDA 2020 жылы құрылғанү

«Ordamedia.kz» ЖШС құрылтайшысы әрі бірінші жетекшісі Мақсат Ғаниев 1 қыркүйектен бастап Orda.kz жобасын жабу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, басылым «көлеңкелі кассасыз» және жағымсыз материалдарға «бұғаттау қоймай» адал жұмыс істегендіктен, өз шығынын әрең өтеп келген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Себебі қарапайым. Мен Orda.kz жобасына салған алты жылдық инвестициямды қорытындылап, терең шығыннан кішкене болсын пайдаға шығу мүмкіндігім жоқ екенін түсіндім. Ал мен Orda.kz-ке бизнес-жоба ретінде қараған едім», – деді Мақсат Ғаниев.

ORDA – 2020 жылы құрылған, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси оқиғаларды белсенді жариялап келген бұқаралық ақпарат құралы. Мекемені 2025 жылдың соңына дейін журналист Гүлнар Бажкенова басқарды. Жоба жабылғанға дейін Telegram арнасында 136 мың, Instagram-да 335 мың және YouTube желісінде 379 мың жазылушы жинап үлгерген.

2025 жылдың желтоқсанында ORDA кеңсесі мен Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіліп, полиция оған қатысты «жалған ақпарат тарату», «сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету» және «заңсыз кәсіпкерлік» баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. 2026 жылдың 18 тамызында сот Гүлнар Бажкенованы кінәлі деп танып, 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны екі жылға шегере отырып, 8 жылға бостандығынан айырды. Мемлекеттік тіркеу деректері бойынша Медианың 70 пайыз үлесіне иелік ететін кәсіпкер Мақсат Ғаниев бұған дейін БАҚ жұмысын жалғастыруға уәде берген болатын.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар