Сөздерінше, келеңсіздік біреуінің күйеуі екіншінің баласын ұрды деген болжамнан кейін басталды. Екінші әйел өз баласын қорғамақ болды. Видеода әйел екінші әйелді ұрғаны, ал ол баласын ұрып қалғаны байқалады. Артынша басынан ұрып, шашынан тартады, тепкілейді.
Дегенмен құқық қорғау органдары оқиғаның басқа ресми нұсқасын жариялады.
"Шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ойын алаңындағы жанжал әткеншектерден туындағаны, нәтижесінде екі әйел бір-біріне жарақат салғаны анықталды", – деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, оның барысында оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеттері қатаң құқықтық бағаланатынын қосты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





