жұма, 28 тамыз, 2026 12:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтайдың бірінші шақырылымы – ел дамуының жаңа белесі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылтайдың бірінші шақырылымы – ел дамуының жаңа белесі
Ақорда
Президент Құрылтайдың ашылуында сөз сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші шақырылымына елдің болашағына тікелей ықпал ететін шешімдер қабылдау жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысы Құрылтай мүшелерін халықтың сенімін ақтап, жеке бастың емес, елдің мүддесін бірінші орынға қоюға шақырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Құрылтайдың бірінші шақырылымы – ел дамуының жаңа белесі. Халық сіздерге зор сенім артып отыр.

Енді сол сенімді ақтап, қоғамға пайдасы тиетін шаруамен айналысу қажет.

Әрбір шешім елдің тағдырына, мемлекеттің болашағына тікелей ықпал етеді. Сондықтан әр қадам байыппен жасалуға тиіс. Жеке бастың мүддесі емес, елдің мүддесі басты орында тұруы керек.

Құрылтай мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болып, ұлтымызды ортақ іске ұйыстыруы қажет. Қазақстан парламентаризмін дамытуға елеулі еңбек сіңірген заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Ең басты игілік – бірлік» деген тамаша сөзі бар.

Шын мәнінде, біз ырысты ынтымағымыздың арқасында мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтып, нық сеніммен алға қадам басып келеміз.

Береке бірлік бар жерге ғана тұрақтайды. Ауызбіршілігімізді сақтай білсек, әлі талай белесті бағындырамыз. Барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар