Руханият

«KÖLEÑKE» жобасы АҚШ-та арнайы жүлдеге ие болды

Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды. Фестиваль мамандары туындыдағы авторлық қолтаңба мен көркемдік ерекшелікті жоғары бағалады.

Бұдан бөлек, «Қазақанимацияның» фолк-хоррор жанрындағы «Su perisi» мен «Shańyraq» драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасынан орын алды. Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.