Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 157 адамға жетті
Ал елдің Туризм министрлігінің мәліметінше, 403 турист, оның ішінде 340 шетелдік азамат хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Непалдың Қытаймен шекаралас таулы Расува ауданында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 157 адамға жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ал елдің Туризм министрлігінің мәліметінше, 403 турист, оның ішінде 340 шетелдік азамат хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Байланыс орнату мүмкін болмай отырған туристердің ең көбі — 134 адам Үндістан азаматтары.
Непалдағы табиғи апаттан кейін кемінде 53 украиналық және төрт ресейлік туристпен байланыс үзілгенін Украина мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері хабарлады.
СІМ өкілдері әзірге украиналықтардың арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер бар-жоғын білмейді.
Ресей министрлігінің хабарлауынша, апат аймағында болған кемінде төрт Ресей азаматының қазіргі уақытта қайда екені белгісіз. Тағы сегіз азамат қауіпті аумақта болған, алайда олар аман-есен басқа елді мекенге жеткен.