Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:22
- 28
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақ тілі әліпбиінің жобасы мен латын графикасы негізіндегі емле ережелерін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-лингвистері мен жоғары оқу орындарының мамандары тартылған.
"Латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиі мен оның емле ережелері тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгеннен кейін ғана қолданысқа енгізіледі", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Қаржыландыру мәселесіне қатысты сұраққа жауабында ведомстводағылар жоспардың өзгеруіне байланысты қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі бюджетке қайтарылғанын атап өтті.
"Республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгеннен кейін қарастырылады.
Барлық салалар мен мекемелерде латын графикасына көшу жұмыстары алдағы уақытта бекітілетін, көшуді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздейтін іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі", - деп мәлімдеді ҒЖБМ өкілдері.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- авторОймақ
- 25 тамыз, 2026




