сәрсенбі, 26 тамыз, 2026 14:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды
Anadolu
«Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы педагогтердің «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды қарастыратын заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізді. Президент бұл мәселені Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында қарауды ұсынған еді.

«Сыртқы орта балалардың қалыптасуына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың психологиялық әл-ауқаты, эмоционалды тұрақтылығы, өнегелік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуының маңызды факторына айналды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2018 жылы қабылданған балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңның қазіргі жағдайда қайта қарауды қажет ететінін атап өтті. Оның айтуынша, ұқсас шектеулер басқа елдерде де енгізіліп жатыр. Сондай-ақ Президент балаларды ақпараттық тұрғыдан қорғау үшін міндетті балалар SIM-карталарын енгізуді кеңейтуді және контентті сүзгілеуді күшейтуді тапсырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар