Дубайға жұмысқа кетіп, хабарсыз кеткен: екі бойжеткеннің денесі табылды
Мәйіттер табылғанға дейін пәтерде қанша уақыт жатқаны әлі белгісіз.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы өлі табылды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қайтыс болған бойжеткендердің әпкесінің айтуынша, қазақстандықтар 2025 жылдың 19 желтоқсанында Дубайға сұлулық салонында жұмыс істеу үшін кетіп, Шарджа қаласында тұрған. Жасөспірімдер отбасымен үнемі байланыста болғанымен, 17 тамыздан бастап хабарсыз кеткен.
Мәйіттер табылғанға дейін пәтерде қанша уақыт жатқаны әлі белгісіз. Адам өліміне күдікті ретінде де Қазақстан азаматы ұсталған. Қайтыс болғандардың отбасы күдіктіні заң жүзінде қатаң жазалауды, сондай-ақ тергеу процесін тездетіп, марқұмдардың денесін отанға қайтаруды талап етіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан СІМ марқұмдардың отбасымен тұрақты байланыс орнатып, қайғылы оқиғаға байланысты барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.