сәрсенбі, 26 тамыз, 2026 10:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok желісінде бейәдеп сөз айтқан: дәрігер мәлімдеме жасады

TikTok желісінде бейәдеп сөз айтқан:  дәрігер мәлімдеме жасады
Фото: freepik
Ал дәрігердің өзі әлеуметтік желі арқылы жағдайға қатысты пікір білдірген.

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы дәрігер-офтальмологқа қатысты жазбалар тарады. Дәрігер TikTok желісінде бейәдеп сөз айтып, видео жариялаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Желідегілер медициналық білімі бар және дәрігер болып жұмыс істейтін әйел әлеуметтік желіде өзге адамдарға дөрекі сөйлеп, балағат сөздер қолданғанын сынады. Мұндай әрекет дәрігердің жеке басына ғана емес, медицина мамандығының беделіне де әсер ететінін айтты.

Ал дәрігердің өзі әлеуметтік желі арқылы жағдайға қатысты пікір білдірген. Есенжолова Айнұр Боранбекқызы өзін көп жылдық еңбек өтілі бар, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог ретінде таныстырған. Оның сөзінше, медициналық қызмет атқарған жылдары науқастар тарапынан өзіне бірде-бір шағым түспеген.

Дәрігердің айтуынша, 2025 жылғы 7 тамызда ол жұмыс істейтін медициналық ұйымда TikTok-тағы әрекетіне байланысты тәртіптік кеңес өткізілген. Оның сөзінше, жиынға өзі бұрын танымаған және науқас емес бес адам шақырылған.

«Бұл адамдар маған таныстырылған жоқ. Бір сағат бойы олар мені мазақтап, қорлап, ар-намысыма және қадір-қасиетіме тиетін сөздер айтты», – дейді дәрігер.

Оның айтуынша, ол жиын кезінде болған жағдайларды толық тіркеп, кейін дәлел ретінде пайдалану үшін бейнематериалдарды жинаған. Дәрігер медициналық ұйым ішінде заңсыздықтар болғанын айтып, Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Целиноград аудандық емханасында болып жатқан жағдайларға назар аударуды сұраған. Сондай-ақ ол өз құқықтарын қорғау үшін кәсіподақ өкілдеріне жүгінгенін мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, ұйым өкілдері түн бойы бейнематериалдарды қарап, жиын барысында болуы мүмкін заң бұзушылықтарды зерттеген.

Кейін дәрігер жұмыстан шығарылған.

«Менің ісімнің бірінші сатыда қаралуының өзі – құқықтық абсурд. Естеріңізге сала кетейін, мені Целиноград аудандық емханасынан кәсіби жарамсыздығына байланысты баппен жұмыстан шығарған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы ресми тексеру жүргізіп, жұмыс берушінің заң талаптарын өрескел бұзғанын растады. Аталған бап бойынша міндетті рәсім жүргізілмеген. Алайда Целиноград аудандық соты еңбек инспекциясының қорытындыларын толықтай елемеді», - дейді дәрігер. 

Одан бөлек, дәрігердің сөзінше, судья қандай да бір науқастардың шағымдары болғанын айтқан. Бірақ шын мәнінде шағым авторларының арасында ешқандай науқас болмаған көрінеді.  

«Мен ешқашан науқастарды қорлаған да, ренжіткен де емеспін. Шағымдарды менің медициналық қызметіме еш қатысы жоқ бөгде адамдар жазған. Сот іс материалдарында объективті түрде расталмаған мән-жайларға сүйенген. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде этикаға байланысты жұмыстан босату туралы жеке баптың өзі жоқ», - деді ол. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар