Әлеумет

Астананың жасыл желегін гортензиялар толықтыруда

Астанада қаланы кешенді көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде елордада шамамен 4,7 миллион жасыл желек бар, ал тағы 14 миллионға жуық өсімдік «Жасыл белдеу» аумағында өсіп тұр.

Жыл сайын Астанада шамамен 1 миллион жаңа жасыл желек отырғызылады. Оның ішінде 70 мыңға жуық ағаш бар.

Қаланы көгалдандыруда ірі көлемді ағаштар мен қалалық ортаға және жергілікті климат ерекшеліктеріне төзімді көпжылдық бұталарды отырғызуға ерекше көңіл бөлінеді.

Елордадағы көгалдандыру жұмыстарының жарқын элементтерінің біріне метельчатая гортензия айналды. Бұл көпжылдық сәндік бұталар ұзақ уақыт гүлдеп, маусым бойы түсі біртіндеп өзгеретін ірі гүлшоғырларымен ерекшеленеді.

Метельчатая гортензия аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Ол төмен температураға шыдап, дұрыс күтім жасалған жағдайда қалалық ортаға жақсы бейімделеді.

Қатаң қыс, қатты жел, температураның күрт ауытқуы және вегетациялық кезеңнің қысқалығына қарамастан, өсімдіктерді дұрыс таңдау арқылы тұрақты әрі алуан түрлі жасыл желек қалыптастыруға болады.

Гүлдеп тұрған гортензиялар қаланың жасыл қорын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстарды толықтырып, қоғамдық кеңістіктерді көркейтіп, елорда келбетіне маусымдық ерекше реңк беріп отыр.