Қоғам

Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында болған.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ бен Nexia маркалы автокөліктер соқтығысқан.

«Қазір тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары басталды. Істің барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.

Әлеуметтік желіде жол апатынан көз жұмғандардың Өзбекстан азаматтары екені туралы ақпарат тарады.