Магистратура гранты шығатынын күн белгілі болды
Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де келесі ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады.
2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болды.
Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де келесі ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады. Құрметті болашақ магистранттар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, алдағы оқу жылы жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге бастасын,-деп жазды министр.
Конкурстық іріктеу қорытындысы жарияланатын ақпараттық ресурстар тізімі:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
• Telegram: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
• Facebook: https://www.facebook.com/sayasat
• Instagram: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстары:
• https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
• Telegram: https://t.me/gylym_jogary_bilim
• Facebook: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
• Instagram: https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/