сенбі, 22 тамыз, 2026 10:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Фатима Сұлығалиева дзюдодан әлем чемпионы атанды

Фатима Сұлығалиева дзюдодан  әлем чемпионы атанды
Фото: Дзюдо федерациясы
Әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады.

Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Финалда ол украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды. Шешуші сәтте отандасымыз ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.

Осылайша, *Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдосы тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш дзюдошы ретінде тарихқа енді.*

*Сондай-ақ Інжу Жұмажан (-57 кг) күміс жүлдеге ие болса, Ерік Үсенов (-66 кг) пен Бекәли Еркен (-73 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды*.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінен кейін де жалпы медаль кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ұлттық құраманың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.

Биылғы әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысуда.

Әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар