Қоғам

Блогер Айым Сейтметова жұбайымен ажырасқанын жазды

Ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар.

Блогер Айым Сейтметова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Талғатпен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Ол бұл жаңалықты жұртшылыққа өзі жеткізуді жөн көргенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Айымның сөзінше, олардың отбасылық өмірі бірнеше жыл бойы көпшіліктің назарында болған. Сондықтан ажырасқаны туралы ақпаратты түрлі әңгіме арқылы емес, өзінің ашық айтқанын дұрыс санаған.

Блогер бұрынғы некесін тек жағымсыз естеліктермен байланыстырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бірге өткізген жылдары қуанышты сәттер де аз болмаған. Ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар.

Ол некені жалғастыруға мүмкіндік бермеген белгілі бір жағдайлар болғанын да жасырмады. Алайда олардың нақты не екенін көпшілікке жариялағысы келмейді.