Есімовтың қызы Forbes тізіміне енді
Байлығы 207 миллион долларға бағаланады.
Ахметжан Есімовтің қызы Қазақстандағы олигархтардың қатарына енген.
Рейтинг бойынша ол 44-ші орында тұр. Есімованың дәулетінің біраз бөлігі 2021 жылы Kazphosphate Limited британдық компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге акционер болған "Қазфосфат" ЖШС сатудан түскен үлесіне тиесілі.
Сондай-ақ, оның "Sport Center" ЖШС (krida фитнес-клубы) және Петропавл нан-тоқаш комбинатына да қатысы бар.
Оның жалпы байлығы 207 миллион долларға бағаланады.
Айжан Есімова – экс-шенеунік Ахметжан Есімовтің қызы. Есімов 2017-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" қорының басқарма басшысы болып еңбек еткен. Содан кейін Қазақстанның бұрынғы президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.