Жатақханада тұратын кейбір студенттерге өтемақы төленеді
Өтемақы кімдерге беріледі?
Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал топқа жататын кей студенттердің жатақханада тұру шығынының бір бөлігін мемлекет өтейді. Жыл сайын берілетін өтемақы 29 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мұндай көмек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге, I және II топтағы мүгедектігі бар және бала кезінен мүгедектігі бар білім алушыларға беріледі.
Ақерке Абылайханның айтуынша, өтемақы тек бірінші курста ғана емес, екінші және үшінші курста да беріледі.
Ресми мәлімет бойынша, осы бағдарлама аясында 7 145 студентке өтемақы төлеу жоспарланған. Оның 4 651-і – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттер.