сейсенбі, 18 тамыз, 2026 11:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде жоғары оқу орындарына 40 грант бөлінді

Ақтөбеде жоғары оқу орындарына 40 грант бөлінді
Фото: gov.kz
144 талапкердің арасынан грант иегерлері анықталды.

Ақтөбе облысында 2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен жоғары білім алуға 40 грант бөлінді. Оларға 144 талапкер өтініш берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гранттар өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бөлінді. Атап айтқанда, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне "Арнайы педагогика" бағыты бойынша 17 грант, ағылшын тілі мұғалімдерін даярлауға – 5, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауға – 3, химия мұғалімдерін даярлауға – 3 және математика мұғалімдерін даярлауға 1 грант берілді.

Сонымен қатар Күләш Бәйсейтова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде "Аспаптық орындау (контрабас)" және "Музыкалық театр әртісі" бағыттарына 1 гранттан қарастырылды. "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университетіне дінтану және теология бағыты бойынша 5, Қазақ ұлттық спорт университетіне спорт мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша 4 грант бөлінді.

Грант иегерлері оқуын аяқтағаннан кейін кадр тапшылығы бар елді мекендер мен ұйымдарда келісімшарт негізінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Грант иегерлері қажетті құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы керек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар