Димаш Құдайберген Перуде жеке ән-кешін өткізеді
Концерт 1 желтоқсанда Лима қаласында өтеді.
Димаш Құдайберген қыста Перуде өнер көрсетеді. Қазақстандық әнші "DiMENSIONS" деп аталатын әлемдік гастрольдік туры аясында Лимада жеке ән-кешін бермек.
Көрермендерге әсерлі музыка, ауқымды визуалды безендіру мен жарқын эмоцияларды үйлестіретін кең көлемді концерттік бағдарлама ұсынылады. Димаштың өнер көрсететіні туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Концерт 1 желтоқсанда Лима қаласында өтеді.