Экономика

Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

Астанада долларды орта есеппен 460 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатуда7

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы жарияланды. Астана мен Алматыда  ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату құны әртүрлі қалыптасқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада долларды орта есеппен 460 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 530 теңге, сату бағамы – 540 теңге. Ал Ресей рублі 5,17-5,47 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Алматыда доллардың сатып алу бағамы 463 теңге, сату бағамы 465,8 теңге шамасында. Еуро 531 теңгеден сатып алынып, 568 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 5,26-5,34 теңге аралығында.