Блогер жауапқа тартылды
Ол полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген.
Түркістан облысында полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та полицияның нысанды киімін киіп, әдепсіз би билеген қыздың видеосын анықтаған.
Тексеру нәтижесінде бейнежазбаны түсіріп, жариялаған адамның Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені белгілі болды.
Оқиғаға құқықтық баға беріліп, тиісті материалдар сотқа жолданған. Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Полиция өкілдері нысанды киімнің әлеуметтік желіде қаралым жинау немесе көңіл көтеретін контент түсіру құралы емес екенін ескертті.