Самат Смақовтың ұлы "Бешикташқа" қабылданды
Бұл туралы экс-футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Қазақ футболының ардагері Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркияның әйгілі «Бешикташ» клубының жастар командасына қабылданды. Бұл туралы экс-футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
18 жастағы футболшы бұған дейін «Қайрат» академиясында тәрбиеленген. Енді ол кәсіби мансабын Түркияда жалғастырып, «Бешикташтың» жастар құрамында өнер көрсетеді.
Аламгир жаңа командасымен маусым алдындағы бірнеше кездесуге қатысып үлгерген. Ол 5 матчта 2 гол соғып, нәтижелі пастарымен де көзге түскен.
Ұлының жаңа клубқа қабылдануына орай Самат Смақов «Қайрат» академиясының басшысы Қайрат Боранбаевқа және клуб ұжымына алғысын білдірді.
Сонымен қатар экс-футболшы ұлын тәрбиелеуге үлес қосқан академия мамандарына ризашылығын білдірді.
Аламгир Смақов «Бешикташ» жастар командасы сапындағы алғашқы ресми ойындарының бірін алдағы жексенбіде «Эюпспорға» қарсы өткізеді.