сенбі, 15 тамыз, 2026 12:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Самат Смақовтың ұлы "Бешикташқа" қабылданды

Самат Смақовтың ұлы "Бешикташқа" қабылданды
Фото: instagram.com/samat_smakov
Бұл туралы экс-футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Қазақ футболының ардагері Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркияның әйгілі «Бешикташ» клубының жастар командасына қабылданды. Бұл туралы экс-футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

18 жастағы футболшы бұған дейін «Қайрат» академиясында тәрбиеленген. Енді ол кәсіби мансабын Түркияда жалғастырып, «Бешикташтың» жастар құрамында өнер көрсетеді.

Аламгир жаңа командасымен маусым алдындағы бірнеше кездесуге қатысып үлгерген. Ол 5 матчта 2 гол соғып, нәтижелі пастарымен де көзге түскен.

Ұлының жаңа клубқа қабылдануына орай Самат Смақов «Қайрат» академиясының басшысы Қайрат Боранбаевқа және клуб ұжымына алғысын білдірді.

«Сен бес жасыңнан бастап «Қайрат» футбол клубының жүйесінде болдың. Бәріне өзің қол жеткіздің. Енді футбол өміріңнің жаңа парағы ашылды. Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма. Жаратушы ием екінші рет мүмкіндік бермейді», – деп жазды ол.

Сонымен қатар экс-футболшы ұлын тәрбиелеуге үлес қосқан академия мамандарына ризашылығын білдірді.

Аламгир Смақов «Бешикташ» жастар командасы сапындағы алғашқы ресми ойындарының бірін алдағы жексенбіде «Эюпспорға» қарсы өткізеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар