Қоғам

Жаңа адамдар жалған анықтамалар сатылымын әшкереледі

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген.

Сол кезде мәселе бір ғана тергеу шеңберінен шығып, БАҚ пен қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыдан кейін Жаңа адамдарға Астанадағы Adam Clinic желісінде жалған анықтамалар сатылатыны туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Астанада оннан астам филиалы бар желіге қатысты Жаңа адамдар өз зерттеуін жүргізді. Клиникаға телефон арқылы хабарласқанда, тексерусіз анықтамалар алуға болатыны расталып, әр құжаттың бағасы айтылды. Кейін белсенділер клиникаға өздері барып, анықтамаларды сату дерегін камераға түсіріп тіркеді.

Осындай тәжірибенің салдарын көрсету үшін Жаңа адамдар арнайы Жалған экспресс — жалған анықтамаларды сатудың салдары көрсетілген кубтар тиелген жүк көлігін дайындады. Әр куб - жалған медициналық құжаттарды пайдалануға байланысты нақты жағдай. Жүк көлігі жалған анықтамалардың салдарымен байланысты оқиғаларды клиниканың алдына жеткізді: мектептегі балалардың жұқпалы ауру жұқтыруы, балалар ауруханасында туберкулездің таралуы, жатақханада стафилококк инфекциясының өршуі және сатып алынған, шынайы білімі мен біліктілігі расталмаған медициналық мамандардың жұмыс істеуі.

Сату дерегі камераға түсірілгеніне қарамастан, клиника өкілдері оны жоққа шығара бастады. Әкімшілік бұл мәселені мойындамай, өз дегендерінде қалды. Ал салдары көрсетілген кубтар клиниканың ішіне орналастырылып, жалған анықтамаларды сатудың не нәрсеге әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілді.

Даниил Львов, Жаңа адамдар:

«Біреу жалған анықтаманы сатуға келіседі. Біреу оны сатып алуды шешеді. Біреу болып жатқан жағдайға көз жұма қарайды. Осындай жолмен тәжірибе жалғаса береді. Мәселе тек клиникаларда емес. Заңбұзушылық қалыпты жағдайға айналып, ал адал жол қиын болып көрінгенде, мәселе қайталана береді. Қоғам жалған құжат сатып алуды қалыпты нәрсе ретінде қабылдағанда, осындай жағдайлар қайта бола береді. Өзгерістер жеке жауапкершіліктен — жалған анықтама сатып алмаудан, сатпаудан және заңбұзушылыққа үнсіз қалмаудан басталады. Осылай ғана бұл тізбекті үзуге болады».