бейсенбі, 13 тамыз, 2026 11:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елена Рыбакина тағы бір чемпионды жеңіп, финалға шықты

Елена Рыбакина тағы бір чемпионды жеңіп, финалға шықты
Фото: sports.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің финалына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы жартылай финалда АҚШ-тың төртінші ракеткасы Коко Гауффты жеңді

Финалға жолдама сарапқа салынған матч тартысты басталды. Екі теннисші де ұзақ уақыт бойы бір-бірінің добын қайтара алмай, өз сервистерін сенімді орындады. Алайда бірінші сет соңында америкалық спортшы басымдық танытып, партияны 7:5 есебімен жеңді.

Екінші сетте Рыбакина ойынын күшейтті. Есеп 2:2 болған сәтте қазақстандық теннисші брейк жасап, кейін партияны 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Шешуші сет те осыған ұқсас сценариймен өтті. Рыбакина 2:2 есебінен кейін тағы бір брейк жасап, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Осылайша Елена Рыбакина Коко Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, Торонто турнирінің финалына жолдама алды. Торонто турнирінің финалында Рыбакина Польшаның бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездеседі. Егер Рыбакина Торонто турнирінде чемпион атанса, екі теннисшінің арасындағы айырмашылық небәрі 4 ұпай болады. Ал екі аптадан кейін қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуі мүмкін. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар