Анасына пышақ жарақатын салған азамат Вьетнамнан экстрадицияланды
- авторОймақ
- Бүгін, 07:04
- 28
Вьетнамнан Қазақстанға өз анасына пышақ жарақатын салды деп айыпталған азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тергеу болжамы бойынша, қайғылы оқиға 2025 жылдың қарашасында орын алған. Мас күйінде болған ер адам үйінде анасымен сөзге келіп қалып, жанжал барысында оған бірнеше рет пышақ сұққан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Осы жылдың маусым айында ол Вьетнам аумағында анықталып, қолға түсті.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Осы жасаған қылмысы үшін оған үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






