Әлеумет

Нұрай Серікбай ісі: әлеуметтік желіде әдепсіз пікір жазған адамға қатысты арыз берілді

Адвокаттың айтуынша, осы аккаунттың иесін анықтау үшін уәкілетті органдарға арыз жолданды.

Марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Осы тұста әлеуметтік желіде қаза болған қызға қатысты әдепсіз пікір жазған Threads қолданушысына қарсы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров тиісті органдарға арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Threads желісіндегі @enur42434 аккаунтының иесі марқұм Нұрай Серікбайға қатысты бейдеп сөздер жазған. Адвокаттың айтуынша, осы аккаунттың иесін анықтау үшін уәкілетті органдарға арыз жолданды.

Енді аккаунттың артында нақты кім тұрғаны уәкілетті орган арқылы анықталады. Әр сөздің жауапкершілігі бар», — деді адвокат.

Айта кетейік, бұған дейін сот отырыстарында Нұрай Серікбайға 36 рет пышақ жарақаты салынғаны айтылған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылардың бірі «72 рет пышақ тығар едім» деген пікір қалдырған. Жәбірленуші тараптың адвокаты бұған байланысты да құқық қорғау органдарына жүгінген еді.