Ескекшілер екі алтын жеңіп алды
Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі.
Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.
Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.