Қоғам

"Толық ақталмаған" жылқышы туралы заңгер Айгүл Орынбек пікір білдірді

Заңгер жалған ақпараттың жетегінде кетпеуге үндеді.

Заңгер Айгүл Орынбек Ақтөбе облысындағы қарт жылқышыға қатысты қоғамда кеңінен талқыланып жатқан іске байланысты өз ұстанымын жариялады. Ол көпшілікті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа бірден сенбей, оқиғаның барлық мән-жайы мен құқықтық құжаттарына сүйеніп қана баға беруге шақырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, алғашқы тараған бейнежазба көпшіліктің эмоциясына әсер етіп, жұртшылықтың біржақты пікір қалыптастыруына себеп болған.

Айгүл Орынбек бұл оқиғадағы ең ауыр жайттың бірі ретінде инсульт алған қарияның еңбек етуін жалғастырғанын және оның ұлының әрекетін атады.

Сонымен қатар заңгер қоғамды мәселені эмоцияға берілмей, заң мен нақты деректер негізінде бағалауға шақырды. Оның пікірінше, жекелеген адамдарды айыптаудан бұрын, егде жастағы азаматтардың осындай жағдайға тап болуына жол бермейтін жүйе қалыптастыруға назар аудару қажет.

Сөз соңында Айгүл Орынбек азаматтарды жалған ақпараттың жетегінде кетпеуге үндеп, қоғамның әділетті болуы білім мен саналы көзқарасқа байланысты екенін атап өтті.