Дарын Мубаровпен түсірілген подкастқа тексеру жүргізіліп жатыр
Айнұр Асенбердінің YouTube-арнасында «Сізге уағыз айтуға тыйым салынды. Енді не істейсіз?» деген атаумен подкаст шыққан.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы өзін уағызшы ретінде таныстыратын Дарын Мубаровтың қатысуымен өткен журналист Айнұр Асенбердінің подкастына тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 31 шілдеде Айнұр Асенбердінің YouTube-арнасында «Сізге уағыз айтуға тыйым салынды. Енді не істейсіз?» деген атаумен подкаст шыққан.
Оған бұған дейін Қазақстан аумағында діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін жауапқа тартылған Дарын Мубаров қатысқан.