Әлеумет

Тауда адасып кеткен жасөспірімдер құтқарылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алматы маңындағы тауда адасып кеткен екі жасөспірімді Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауып, аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, жасөспірімдер тауға өз бетінше шығып, белгіленген уақытта оралмағаннан кейін олардың жоғалғаны туралы хабар түскен.

Хабарлама түскен бойда Алматы төтенше жағдайлар департаменті Құтқару қызметінің мамандары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар таулы аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттарды тексерді.

Іздестіру нәтижесінде олар Қарасай ауданындағы Турист шыңы маңынан табылды. ТЖМ мәліметінше, жасөспірімдердің жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.