Саясат

Ел энергетикасын жаңартуға 625 млрд теңге бөлінбек – Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2026 жылы 625 млрд теңге мөлшерінде қарыздық қаржыландыру мақұлданды. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, 2026 жылы ТКШ саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Тартылатын қарыз капиталының құрылымына халықаралық қаржы институттары, қазақстандық банктер және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі кіреді.