Қазгидромет: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Еліміздің оңтүстігі мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.