Қоғам

2,5 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған күдікті Вьетнам аумағында ұсталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі мәлім етті.

Вьетнам аумағында ұсталған 2,5 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

ҚМА мәліметінше, күдікті РМҚК директоры Сатыбалдиевпен, Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Искендеровамен, сондай-ақ «Марк Инвест» ЖШС мен «Direct Services» ЖШС басшысы Шинтемировамен сыбайласып, құрал-жабдықтардың құнын үш есе арттыру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы ақша жымқыруды ұйымдастырған. Бұл іс бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін сот аталған қылмыстық істің басқа фигуранттарын мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Ал алаяқтықты ұйымдастырған басты күдікті халықаралық іздеуге жарияланған еді.

Ол 2026 жылдың басында Вьетнам аумағында құрықталып, кейін елге экстрадицияланды.