Қырғызстанда жанармай бағасы тағы қымбаттады. Әсіресе АИ-95 бензинінің құны айтарлықтай өскен. Бішкектегі кейбір жанармай құю бекеттерінде оның бір литрі 109,9 сомға, яғни шамамен 598 теңгеге жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
АИ-95 бағасы небәрі бірнеше күннің ішінде 10-12 сомға немесе шамамен 54-65 теңгеге көтерілген. Үш күн ішіндегі өсім 10,4 пайыз болды.
2026 жылғы 22-23 шілдедегі мәлімет бойынша, Бішкектегі жанармай бағасы мынадай:
АИ-100 – 149,9 сом немесе шамамен 815 теңге;
АИ-95 – 109,9 сом немесе 598 теңге;
B-Power – 86,4 сом немесе 470 теңге;
АИ-92 – 84,9 сом немесе 462 теңге;
дизель отыны – 98,3 сом немесе 535 теңге;
сұйытылған газ – 47,7 сом немесе 259 теңге.
Бұған дейін жүргізушілер АИ-95 бензинінің бір литрін 85-98 сом аралығында сатып алып жүрген. Соңғы аптада АИ-92 бағасы да 2-2,3 сомға, ал дизель отыны шамамен 2 сомға қымбаттаған.
АИ-92 бензині мен дизель отыны Қырғызстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіреді. Осыған байланысты олардың бағасы мемлекеттік бақылауда қалып отыр.
АИ-95 неге қымбаттады?
2026 жылғы шілде айының басында АИ-95 бензині мемлекеттік баға реттеу тізімінен шығарылған. Баға нарықтық айналымға жіберілгеннен кейін жанармай құны бірден 10-12 сомға көтерілді.
АИ-95-пен қатар АИ-100 маркалы бензин де қымбаттап, бір литрінің бағасы 149,9 сомға жеткен.
Сонымен бірге Бішкек пен Қырғызстанның бірқатар өңірінде АИ-95 бензинінің тапшылығы байқалып отыр. Жүргізушілер кей жанармай құю бекеттерінде бұл марканың мүлде жоқ екенін айтуда. Ал жекелеген бекеттерде тек дизель секілді бір ғана отын түрі сатылып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Нұрай Серікбай ісі: күдікті 35 жерден пышақ сұққан
Ұқсас жаңалықтар
ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеу басталғанын растады
- авторОймақ
- 23 шілде, 2026






