Әлеумет

Көп әйел алуды насихаттаған блогер жауапқа тартылды

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыда әлеуметтік желіде көпәйелділікті насихаттайтын материалдар жариялаған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері мониторинг барысында ер адамның үш әйелін көрсетіп, ел заңнамасы мен моральдық-этикалық нормаларға қайшы келетін көпәйелділікті насихаттаған жазбаларын анықтады. Тәртіп сақшылары автордың жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы 3-1-бөлігі («Құқыққа қайшы контентті орналастыру») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, елде тек бір некелілік принципі танылады және көпәйелділікке заң жүзінде рұқсат етілмейді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде заңға қайшы келетін немесе қоғамдық моральға нұқсан келтіретін контент таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.