бейсенбі, 23 шілде, 2026 11:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" "Омонияға" жол берді

"Қайрат" "Омонияға" жол берді
"Қайрат" футбол клубы
бұл жеңіліс «Қайрат» үшін кипрлік клубтардан ұтылған алғашқы оқиға болды.

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы алғашқы матчында Кипрдің «Омония» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Никосиядағы GSP стадионында өткен кездесу алаң иелерінің басымдығымен аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды 13-минутта «Омонияның» жартылай қорғаушысы Панайотис Андреу соқты. Ойынның 34-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Лоик Него соңғы үміт фолы үшін қызыл қағаз алып, Кипр клубы он ойыншымен қалды. Ойын соңына дейін сандық басымдыққа ие болған алматылықтар тізгінді өз қолдарына алғанымен, қарсылас қақпасының кілтін таба алмады.

Екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундына жолдама алады. Ал жеңілген клуб жарысты Европа лигасының іріктеу кезеңінде жалғастырады.

Айта кетейік, бұл жеңіліс «Қайрат» үшін кипрлік клубтардан ұтылған алғашқы оқиға болды. Бұған дейін алматылық команда Конференция лигасының топтық кезеңінде «Омониямен» екі рет кездесіп, екеуінде де тең түскен еді. Камандалар арасындағы қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар