бейсенбі, 23 шілде, 2026 8:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сот Нұрбол Назарбаевтың шағымын қанағаттандырмады

Сот Нұрбол Назарбаевтың шағымын қанағаттандырмады
Magnific.com
Алматы облыстық соты Нұрбол Назарбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, сот оған төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданудан бас тартқан бірінші инстанция шешімін күшінде қалдырды.

Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрбол Назарбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырып, оған төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданудан қайтадан бас тартты.

Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тануды емес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануды сұраған. Мұндай рәсім борышкерге қарызын бес жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді және банкрот мәртебесіне байланысты бірқатар құқықтық шектеулерден босатады.

Іс материалдарына сәйкес, Нұрбол Назарбаевтың жалпы берешегі шамамен 58 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде:

55,9 млрд теңге – Активтерді қайтару комитеті алдындағы берешек;

352 млн теңгеге жуық – өсімпұл;

1,69 млрд теңге – мемлекеттік баж;

19,4 млн теңге – «Ақтөбе өндірістік компаниясы» ЖШС алдындағы берешек.

Алайда сот оның төлемге қабілетсіз екенін растайтын жеткілікті дәлелдер ұсынылмаған деген қорытындыға келді.

Апелляциялық сот қаулысында талапкер өзінің қаржылық жағдайы туралы толық мәлімет бермегені атап өтілген. Атап айтқанда, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, банктік депозиттері, дивидендтері және жеке шығыстары жөніндегі ақпарат ұсынылмаған.

Соттың пікірінше, мұндай мәліметтерсіз азаматтың нақты қаржылық ахуалын жан-жақты бағалап, оның міндеттемелерін орындауға шынымен қауқарсыз екенін анықтау мүмкін емес.

Айта кетейік, Нұрбол Назарбаев бұған дейін де сот арқылы өзінің қаржылық жағдайының ауыр екенін дәлелдеуге талпынып, алайда талаптары қанағаттандырылмаған болатын. Бұл жолы да апелляциялық инстанция бұрын қабылданған шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар