Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 467,65 теңгені құрап, 1,57 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық банкінің 22 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 469,59 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 466,00 теңгеден сатып алып, 473,01 теңгеден сатып жатыр. Еуроны 530,00 теңгеден сатып алып, 540,00 теңгеден сатады. Ал Ресей рублі 5,50 теңгеден сатып алынып, 5,80 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын орта есеппен 467,93 теңгеден сатып алып, 469,71 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы 533,43–538,70 теңге аралығында болса, Ресей рублі 5,61–5,75 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,16 теңгеден сатып алынып, 470,24 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 533,28–538,28 теңге аралығында, ал Ресей рублі 5,65–5,72 теңге аралығында.
Еске салсақ, 21 шілдедегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,59 теңгені құрап, 0,73 теңгеге төмендеген болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





