Қазақстандық әнші Анатолий Цой сүйіктісімен некесін қидырды
Қазақстандық және ресейлік әнші Анатолий Цой сүйіктісімен шіркеуде неке қию рәсімін өткізді. Өнер иесі салтанатты сәттен түсірілген суреттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Алайда әзірге қалыңдығының жүзін көпшілікке көрсетпеген.
“Оның саусағына сақина тақтым”, – деп қысқа жазба қалдырды әнші.
Жас жұбайларды Михаил Галустян, Александр Ревва, Марина Кравец, Мейіржан Төребаев, Дана Есеева, Жания Джуринская, Кентал және басқа да қазақстандық әрі ресейлік шоу-бизнес өкілдері құттықтады. Әншінің жанкүйерлері де ақ тілектерін жаудырды.
“Бауырым, құттықтаймын! Бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңдер”, “Керемет жұпсыңдар”, “Жылдың басты оқиғасы”, “Бақыт, татулық пен өзара түсіністік тілейміз” деген пікірлер жазылды.
Неке қию рәсімінен кейін өткен кештің кадрларын Дана Есеева да парақшасында бөлісті.
“Анатолий, құттықтаймыз! Қалыңдықты көрсетеміз бе?” – деп жазды ол.
Ал Кенталдың жұбайы Милана мерекелік кештің "Ұлы Гэтсби" стилінде ұйымдастырылғанын айтты.
“Сендер үшін қатты қуаныштымын”, – деп ізгі тілегін білдірді ол.