Қоғам

Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады

Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сотталған Бахытжан Байжанов амнистиямен босатылады. Адвокат Ғазиз Ынтықбаев бұл туралы мәлімдеді.

2026 жылдың қарашасында босатылуы күтілген Бахытжан Байжанов амнистиямен мерзімінен бұрын бас бостандығына шығады. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, оның клиентіне жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия актісі қолданылған.

«Байжанов отырысқа онлайн қатысты. Сот актісі мекемеге келіп түскеннен кейін оны дереу босату керек. Отырыс Степногорск қалалық сотында өтті», – деді Ынтықбаев.

2025 жылдың шілдесінде Степногорск соты амнистия өтінішін қанағаттандырып, Бахытжан Байжановтың жаза мерзімін 8 ай 8 күнге қысқартты. Ол сол уақытта 1 жыл 11 ай өтеп үлгерген. Байжановтың 2026 жылдың қарашасында босатылуы күтілген еді.