сәрсенбі, 22 шілде, 2026 11:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арқалықта "Арқалықтың ақ таңы" спектаклінің премьерасы өтті

Арқалықта "Арқалықтың ақ таңы" спектаклінің премьерасы өтті
Мерейтойлық қойылымға еліміздің мәдениет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл және көрнекті тарихшы-этнограф, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай Арқалық қазақ жасөспірімдер театры көрермен назарына қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асановтың идеясы негізінде «Арқалықтың ақ таңы» драмасының премьерасын ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz .

Мерейтойлық қойылымға еліміздің мәдениет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Театр ұжымы құрметті меймандарды қазақы дәстүрмен қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді.

Қойылымның құрметті қонақтары қатарында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Д. Құрабайұлы, меценат, кәсіпкер Сапар Ысқақұлы және Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов болды.

«Арқалықтың ақ таңы» драмасы – Арқалық өңірінің өткені мен бүгіні, ел дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген Өзбекәлі Жәнібековтің тағылымды өмір жолы мен ұлттық руханиятты жаңғыртудағы тарихи қызметін көркем тілмен бейнелейтін сахналық туынды.

Премьера көрермен тарапынан жоғары бағаланып, ұлттық тарих пен рухани мұраны ұлықтауға арналған маңызды мәдени оқиғаға айналды. Мерейтойлық қойылым Арқалық қаласының мәдени өміріндегі айтулы белес ретінде ел жадында сақталары сөзсіз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар