Ауруханада үшем шетінеп кетті: дәрігерлер не дейді?
Бұл кезеңде өмірлік маңызды органдар, әсіресе өкпе және орталық жүйке жүйесі әлі толық жетілмейді.
Ауруханада үш жаңа туған нәресте шетінеп кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, олар үшінші шақалақтың өлімі туралы кеш білген.
Қарасай орталық аудандық ауруханасы мамандарының айтуынша, Ұзынағаш ауылында тұратын жүкті әйел босанғанға дейінгі күтімге алынған.
Айтуларынша, жүктіліктің 25 аптасында салмақтары 500 граммға жетпейтін сәбилер дүниеге келген.
Бұл кезеңде өмірлік маңызды органдар, әсіресе өкпе және орталық жүйке жүйесі әлі толық жетілмейді, дейді дәрігерлер.
Қазіргі уақытта көрсетілетін медициналық көмектің сапасына ішкі аудит жүріп жатыр.