Әлеумет

Қазгидромет: еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 21–23 шілде аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, аталған кезеңде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.